Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Іле ауданына жұмыс сапарымен барды

    1 / 4

    2026 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Е. Ж. Туяқбаев Алматы облысының Іле ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Сапар барысында әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау салаларының өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен және аудан тұрғындарымен кездесулер өтті.
    Кездесулерде мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелері талқыланды.
    Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға және мемлекеттік әлеуметтік саясатты одан әрі жетілдіруге ерекше назар аударылды.
    Жұмыс тобының құрамына Құрылтай депутаттары, «Қазақстан Халық Кеңесі» өкілдері және Үкімет мүшелері кірді. Іс-шараларға сондай-ақ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы А. Нарматов, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының директоры Е. Аманбаев және Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А. Ваисов қатысты.
    Кездесулер ашық диалог форматында өтіп, әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді талқылауға және жергілікті деңгейде алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" жаңалықтары