Ынталы ауылында аудандық мекеме және бөлім басшыларының қатысуымен тұрғындармен кездесу өткізілді

    1 / 2

    2026 жылғы 29 қазан күні Ынталы ауылдық мәдениет үйінде аудандық мекеме және бөлім басшыларының қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді.

    Кездесуге аудандық білім бөлімінің басшысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, ішкі саясат бөлімінің басшысы, прокуратура өкілі, ауыл шаруашылығы саласының өкілі, жер қатынастары бөлімінің басшысы және заңгер қатысты.

    Кездесу барысында ауыл тұрғындары жер қатынастары, тұрғын үй, білім беру, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, ауыл шаруашылығы және құқықтық мәселелер бойынша өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Тиісті сала басшылары мен мамандар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша түсіндірмелер мен кеңестер берді.

    Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, оларды шешу жолдары бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Мұндай кездесулер тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, халықтың өзекті мәселелерін жергілікті жерде талқылауға және шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары