«Қарттарым – асыл қазынам» атты қарттарымызға арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті

    «Қарттарым – асыл қазынам» атты қарттарымызға арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті

    Ынталы ауылдық округінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты қарттарымызға арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Мерекелік шара барысында ауыл әкімі Д. Орынбаев қазыналы қарттарды мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тіледі. Сонымен қатар, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қосетов Абылғазы атамыз, Аналар кеңесінің төрайымы Абдрасилова Нұрсақып апамыз, мектеп директоры С. Басқанбаева және елге еңбегі сіңген, ауылдың өсіп-өркендеуіне, халықтың әл-ауқаты мен қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан, 12 жыл басшылық қызмет атқарған ауылымыздың құрметті азаматы Р. Мамырбеков қарттарға ізгі тілектерін білдіріп, ақжарма баталарын арнады. Шара барысында қарттарға арналған әндер шырқалып, көркемөнерпаздардың өнері ұсынылып, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Қазыналы қарттарымызға көрсетілген құрмет – кейінгі ұрпаққа өнеге, елге сіңірген еңбектеріне деген зор алғыстың белгісі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары