«Таза Қазақстан»: Астанада 200-ге жуық адам Кіші Талдыкөл маңын тазартты

    «Таза Қазақстан»: Астанада 200-ге жуық адам Кіші Талдыкөл маңын тазартты

    Астананың «Нұра» ауданындағы Кіші Талдыкөл аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті.

    Іс-шараға Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен банк секторының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Bank CenterCredit, Alatau City Bank, Freedom Bank және Нұрбанк қызметкерлері сенбілікке атсалысты. Барлығы 200-ге жуық адам аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізді.

    Сенбілік барысында Кіші Талдыкөлге іргелес аумақ тұрмыстық қоқыс пен өзге де ластанудан тазартылды. Қатысушылар аумақты абаттандыруға, оның экологиялық тазалығы мен санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосты.

    Банк секторы өкілдері мен қалалық басқарма қызметкерлерінің белсенді қатысуымен тазалық жұмыстары қызу жүргізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары