Астанада тоғыз медициналық ұйым халықаралық JCI стандарты бойынша аккредиттелген

    1 / 2

    Елордада медициналық туризмді дамытуға және халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы медициналық қызмет көрсетуге жағдай жасалуда. Бүгінде Астанада халықаралық JCI (Joint Commission International) аккредиттеуінен өткен тоғыз медициналық ұйым жұмыс істейді.

    Халықаралық аккредиттеуден өткен медициналық ұйымдар:ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы;- UMC Жүрек орталығы;UMC Ана мен бала орталығы;UMC Диагностикалық орталығы;Ұлттық балаларды оңалту орталығы;Ұлттық нейрохирургия орталығы; UMIT халықаралық онкологиялық томотерапия орталығы; Astana Vision офтальмологиялық клиникасы; «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы.

    JCI аккредиттеуі медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін, мамандардың біліктілігін, пациенттердің құқықтарының сақталуын және медициналық процестерді басқарудың халықаралық талаптарға сәйкестігін растайды.

    2025 жылы Астана әлемнің 70-тен астам елінен медициналық туристер қабылдады. ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында 20-дан астам елден келген 900-ден астам пациентке медициналық көмек көрсетілді. Шетелдік пациенттер үшін консультация алудан бастап емдеуді ұйымдастыруға дейін кешенді қолдау көрсететін Health is Here арнайы бағдарламасы жұмыс істейді.

    2026 жылы Astana Vision клиникасы JCI аккредиттеуінен өтіп, Орталық Азияда осы халықаралық стандартқа ие болған жалғыз офтальмологиялық клиника атанды.

    Медициналық ұйымдардың халықаралық стандарттарға сәйкестігі, жоғары технологиялық емдеу әдістерінің енгізілуі және мамандардың кәсіби біліктілігі елорданың медициналық туризм орталығы ретіндегі тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

    Толығырақ «Золотой стандарт JCI астанинских клиник привлекает в столицу все больше туристов» мақаласынан оқи аласыздарhttps://www.nur.kz/health/healthcare/2460392-zolotoy-standart-jci-astaninskih-klinik-privlekaet-v-stolicu-vse-bolshe-turistov/

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары