Астанада іскерлік туризм дамуда: халықаралық іс-шараларға 200 мың адам қатысты

    1 / 3

    Елордада іскерлік туризмді дамыту және халықаралық көрмелерді ұйымдастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Astana Tourism мәліметінше, 2025 жылы Астанада 190 халықаралық іс-шара өткізіліп, оларға 200 мың адам қатысқан.

    2026 жылы елордада ауыл шаруашылығы, автомобиль өнеркәсібі, құрылыс, энергетика, еңбек қауіпсіздігі және тамақ өнеркәсібі салаларын қамтитын бірқатар ірі халықаралық көрме ұйымдастырылды.

    Биыл Астанада өткен ірі халықаралық көрмелердің көрсеткіштері:AgriTek/FarmTek Astana – 300-ге жуық компания;Automechanika Astana – 23 елден 421 компания және 47 мемлекеттен 15 076 келуші;CM EXPO – 15-тен астам елден 250-ден астам компания;RES EXPO – 30 елден 200-ден астам компания;KIOSH – 9 елден 92 компания;Interfood Astana – 60-тан астам компания және 2 мыңнан астам сала маманы.

    Халықаралық көрмелер кәсіпкерлерге жаңа технологиялармен танысуға, тәжірибе алмасуға, іскерлік байланыстар орнатуға және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Іскерлік туризмнің дамуы қонақүй бизнесіне, қоғамдық тамақтану, көлік және қызмет көрсету салаларына сұранысты арттырып, елорда экономикасының дамуына ықпал етеді.

    Астананың халықаралық көрмелер мен форумдарды өткізу орталығы ретінде қалыптасуы қаланың туристік және инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ халықаралық іскерлік байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді.

    Толығырақ «200 тысяч участников за год: как Астана развивает деловой туризм» мақаласынан оқи аласыздар https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/200-tyisyach-uchastnikov-god-astana-razvivaet-delovoy-turizm-613871/

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары