ҚНРДА Hanwha Life-пен Қазақстанның қаржы нарығына шығу перспективаларын талқылады

    ҚНРДА Hanwha Life-пен Қазақстанның қаржы нарығына шығу перспективаларын талқылады

    Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Hanwha Group ірі қаржы-өнеркәсіптік тобының құрамына кіретін Корея Республикасының жетекші қаржы компанияларының бірі – Hanwha Life өкілдерімен кездесу өткізді.

    Корея делегациясын Hanwha Life Басқарушы директоры және Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка өңіріндегі өкілдік басшысы Канг Бумду басқарды.

    Кездесу барысында тараптар Қазақстанның қаржы нарығында Hanwha Life қатысуын кеңейту перспективаларын, сондай-ақ қаржылық технологиялар мен цифрлық қаржы құралдары саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын талқылады.

    Hanwha Life өкілдері компанияның цифрлық қаржылық шешімдерді дамытудағы, қаржы құралдарын токендеудегі және заманауи цифрлық сервистерді енгізудегі тәжірибесі туралы айтып берді.

    «Шетелдік қаржы ұйымдарын тарту бәсекелестікті дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және халық пен бизнес үшін қаржылық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді», – деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

    Hanwha Group – Корея Республикасының 1952 жылы құрылған ірі қаржылық-өнеркәсіптік топтарының бірі. Топ қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінде, энергетика мен кеме жасауда, қаржы секторында, сондай-ақ технологиялық және сервистік бағыттарда қызметін жүзеге асырады. Топтың бас компаниясы Hanwha Corporation болып табылады.

    Сондай-ақ Агенттік басшысы бас директор Томас Прамотедхам бастаған Presight AI өкілдерімен кездесу өткізді.

    Тараптар токендеуді дамыту, цифрлық қаржы активтерін қолдану және қаржы секторында заманауи технологиялық шешімдерді пайдалану мәселелерін талқылады. Аталған бағыттарды дамыту инвестициялық құралдарды кеңейту, қаржылық операциялардың тиімділігін арттыру және тәуекелдерді басқаруды жетілдіру үшін мүмкіндіктер ашады.

    Кездесу барысында цифрлық инновацияларды енгізудің реттеу ортасын одан әрі жетілдіруді, операциялардың ашықтығын қамтамасыз етуді және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуді талап ететіні атап өтілді.

    Сыртқы коммуникациялар басқармасы

    [email protected]

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" жаңалықтары