Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды

    1 / 3

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналған жиналыс өткізілді.

    Іс - шара Комитет төрағасының 2026 жылғы 19 қазанда аумақтық департаменттермен өткізген кеңесінің хаттамасында берілген тапсырмаларды орындау аясында ұйымдастырылды.

    Жиналысқа арнайы шақырылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысыДілмұрат Сайфуллаұлы Сунатиллаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулер және мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Атап айтқанда, мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда мемлекеттік қызметшілердің қабылдауы тиіс шаралары, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу тетіктеріне тоқталды.

    Сонымен қатар Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкіліДаулет Турарбаевич Сенгербаев мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, азаматтармен қарым - қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту, қызметтік тәртіпті сақтау және ұжымда қолайлы моральдық - психологиялық ахуал қалыптастыру мәселелері бойынша сөз сөйледі.

    Жиналыс қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және профилактикалық жұмыстарды тұрақты жүргізу тапсырылды.

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әрбір мемлекеттік қызметшінің ортақ жауапкершілігі.Адалдық, ашықтық және әдептілік қағидаттарын сақтау халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттырудың маңызды негізі болып табылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" жаңалықтары