Алматы облысында мемлекеттік төлемдерді тағайындау және төлеу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
2026 жылғы 12 қазанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде мемлекеттік жәрдемақыларды, зейнетақыларды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен төлеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға департамент басшысы А. Нарматов, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің басшылары мен мамандары, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Алматы облысы бойынша филиалының басшысы Е. Аманбаев пен оның орынбасары Е. Абдрахимов, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы басшысының орынбасары У. Ашен қатысты.
Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік жәрдемақыларды, зейнетақыларды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен төлеу үдерістеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ашықтық пен әділдік қағидаттарын ұстану мәселелері қарастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен төлеу кезінде заңдылықты, ашықтықты және жауапкершілікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.









