2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

    1 / 6

    2026 жылғы 12 қазанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде 2026 жылдың алғашқы 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы талқыланды.

    Департамент басшысы Б. Шәріпбековтің төрағалығымен өткен жиында құрылымдық бөлім басшылары есеп беріп, өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерін баяндады.

    Есеп беру барысында зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, А және В санаттарына көшу мәселелері, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету бағыттарындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу барысы мен осы саладағы өзекті мәселелер қаралды.

    Жиын қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер мен басым бағыттар айқындалды. Әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" жаңалықтары