Алтай ауданы сұңқар құспен аң аулаудан дәстүрлі Азияның «Шығыс Салбұрыны – 2026» фестивалінің 1-Кубогына қатысуда.

    1 / 6

    Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан өңірі тағы да ежелгі көшпелі дәстүрлерге қызығушыларды тартатын орынға айналды. Өсы күндері Ұлан ауданының, Бозанбай ауылындағы «Бүркіт төбе» төбешігінде дәстүрлі сұңқар құспен аң аулаудан Азияның «Шығыс Салбурыны – 2026» фестивалінің 1- кубогы өтуде.
    Осы кең ауқымды іс-шараға Алтай ауданы да қатысып, ұлттық дәстүрлер мерекесінде өз өңірінің мәдени мұрасы мен шеберлігін ұсынуда. Фестиваль сұңқар құспен аң аулау шеберлігін сақтап келген әртүрлі елдердің бүркітшілерін біріктірген нағыз салтанатқа айналды. Қонақтар бүркіттердің, қаршығалардың және сұңқарлардың таңғажайып өнер көрсетулерін, қазақ тазыларының жарыстарын, дәстүрлі ат ойындарын, жамбы атуды, теңге ілуді және көшпенділердің күшін, ептілігі мен батылдығын көрсететін басқа да тамаша жарыстарды тамашалай алады. Ең тартымды көріністердің бірі қазақ халқының ұлттық дәстүрлерімен танысу. Алтай ауданының өкілдері көрермендердің назарына қыз баланы ата-анасының туған үйінен жаңа өмір жолына шығарып салуды бейнелейтін, ең бір толқынды, жүректі елжірететін дәстүр «Қыз ұзату» салтанатын ұсынды. Бұл терең мағынаға, аға буынға құрмет көрсетуге, ізгі тілектер мен жастарға бақыт пен махаббатты тілейтін сезімге толы әсерлі дәстүр.
    Ұлттық музыка, көркем қойылымдар, қолөнер көрмелері және халықтық әдет-ғұрыптардың көрсетілімі ерекше мерекелік толқынға жетелеп, қонақтарға қазақ халқының бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
    Алтай ауданының мұндай ауқымды іс-шараға қатысуы - аймақты лайықты таныстыру, оның ерекше дәстүрлерімен бөлісу және ата-бабалардың рухани мұрасын сақтауға үлес қосу мүмкіндігі.
    «Шығыс Салбұрыны – 2026» – Ұлы Даланың тірі тарихы, ұрпақтар арасындағы байланыс және халықты біріктіріп, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етіліп жатқан дәстүрлерге көрсетілетін құрмет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алтай ауданының әкімдігі" жаңалықтары