«Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету шеңберінде «Margulan University» киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған 1-курс студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шара барысында «жасанды интеллекттің көлеңкелі жағы»тақырыбына және кибер алаяқтықтың заманауи түрлеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге жасанды интеллект технологияларын қылмыстық мақсатта пайдалану тәуекелдері, интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары, сондай-ақ дербес деректер мен ақша қаражаттарын қорғау шаралары туралы айтылды.
Профилактикалық жұмыстармен 100-ге жуық студент қамтылды.








