«ЕРТІС» колледжінде жасанды интеллекттің қараңғы жағы талқыланды.

    Кеменгер ауылындағы «Ертіс» жоғары Инновациялық аграрлық колледжінде интернет-алаяқтық және цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне арналған профилактикалық іс-шара өтті.

    Іс-шараға Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі қатысып, студенттерге жасанды интеллектті қылмыстық мақсатта пайдаланумен, жалған суреттер, бейнелер мен дауыстық хабарламалар жасаумен, сондай-ақ цифрлық ортада азаматтардың сенімін манипуляциялау тәсілдерімен байланысты тәуекелдер туралы айтып берді.

    Кездесудің басты мақсаты-жастардың цифрлық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға және алаяқтық белгілерін тануға үйрету.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті" жаңалықтары