Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтті: ЭТТД 2026 жылдың 9 айындағы жұмысын қорытындылады.

    Павлодар облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2026 жылғы 3 тоқсандағы қызметінің қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

    Іс-шараға Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының м.а. Г.Н. Қасымов қатысты.

    Баспасөз мәслихаты барысында спикер есепті кезеңдегі департамент жұмысының негізгі нәтижелері туралы егжей-тегжейлі айтып, қызметтің әрбір басым бағытына жеке тоқталды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл, вейптердің заңсыз айналымының жолын кесу, бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтау және тергеу, әлеуметтік шиеленістің алдын алу, сондай-ақ өңірдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы ақпарат жеткізілді.

    Қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Спикер интернет-алаяқтықтың, қаржы пирамидаларына тартудың, дропперсияның және басқа да қаржылық тәуекелдердің алдын алуға бағытталған азаматтардың әртүрлі санаттары арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары туралы айтып берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті" жаңалықтары