Жасыл желек – жарқын болашақ кепілі

    1 / 2

    Туған жердің табиғатын түлетіп, елді мекендерді көгалдандыруға бағытталған игі бастама ауданымызда өз жалғасын табуда.

    Соңғы бір айдан бері аудан аумағында әр сенбі сайын экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылып, ағаш көшеттері отырғызылып келеді. Бұған дейін Аққия, Сарыбарақ, Диқан-2, Бурыл және Кеңес ауылдарында осындай жұмыстар жүргізілген болатын.

    Бүгін бұл бастама Жаңатұрмыс ауылдық округінде жалғасын тапты. Игі шара барысында ауыл аумағына 10 түп туя мен 190 түп қарағаш егілді.

    Мұндай бастамалар елді мекендердің көркін келтіріп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға, жасыл желек көлемін арттыруға да өз үлесін қосады. Ең бастысы, бүгін егілген әрбір көшет – ертеңгі ұрпаққа қалатын табиғи мұра.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Байзақ ауданының әкімдігі" жаңалықтары