БҮЛДІРШІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ИГІЛІКТІ ІС

    1 / 4

    Бүгін Бурыл ауылында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы пайдалануға берілді.

    Ауыл бүлдіршіндерінің қуанышына айналған нысан заманауи ойын кешендерімен, түрлі ойын құрылғыларымен және резеңке жабынмен жабдықталған. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алаңша аумағы қоршалған.

    Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов балаларға арналған мұндай игі бастамалардың маңыздылығына тоқталып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Мейрамбек ата да ізгі тілегін жеткізді.

    Айта кетейік, балалар ойын алаңшасы ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен және тұрғындардың ұйымдасуымен жүзеге асқан. Бұл – ауылдағы ортақ іске жұмылған жұрттың ауызбіршілігі мен жанашырлығының көрінісі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Байзақ ауданының әкімдігі" жаңалықтары