ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

    1 / 9

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

    Албарбөгет ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді.

    Кездесу барысында Албарбөгет ауылдық округінің әкімі Жұман Есмагамбетов Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған негізгі міндеттер мен басым бағыттарға кеңінен тоқталды.

    Атап айтқанда, инфрақұрылымды жаңғырту, ауылдық елді мекендердің дамуы, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану, цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері түсіндірілді.

    Округ әкімі Жолдауда белгіленген міндеттерді іске асыруда әрбір өңірдің, соның ішінде ауылдық елді мекендердің де маңызы зор екенін атап өтті.

    Кездесу соңында ауыл тұрғындары өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

    Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүзеге асыру – елдің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ортақ жұмыс.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жангелдин ауданы Албарбөгет ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары