1 / 9
🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІПТІҢ БАСТАУЫ!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Албарбөгет ауылдық округінде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар барысында мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындар мен мекемелердің аумақтары ретке келтіріліп, қоқыстардан тазартылды. Сонымен қатар, елді мекендердің қоғамдық орындары мен көшелерінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, айналаны көркейту бағытында тиісті шаралар атқарылды.
Кәсіпорындар мен мекемелерге өздеріне тиесілі аумақтардың тазалығын тұрақты сақтау тапсырылды.
Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ міндет! Таза ауыл – таза болашақ!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





