Жангелдин ауданы Албарбөгет ауылдық округі әкімінің аппараты
«Жангелдин ауданы Албарбөгет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты), Албарбөгет ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі-әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көрсетілген басқа да қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Әкімнің аппараты өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауларымен мөр және мөр табандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органында шоты бар.
Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа енеді.
Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас жағынан сөз сөйлеуге құқылы.
Албарбөгет ауылдық округі әкімінің аппараты туралы Ереже, оның құрылымдары аудан әкімімен бекітіледі.
Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Албарбөгет ауылдық округі, Көкалат ауылы, Қыпшақ Сейітқұл көшесі, ғимарат 24, пошта индексі 110602.
«Жангелдин ауданы, Албарбөгет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімімен құрылады, таратылады және қайта құрылады.
Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Жаңалықтар
Құжаттар
ХАЛЫҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
Жангелдин ауданының Албарбөгет ауылдық округінің әкімі ______________Ж.Есмағамбетов «_06__»_қаңтар__2026 жыл «Жангелдин ауданының Албарбөгет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы жеке және заңды тұлғаларды қабылдау КЕСТЕСІ Азаматтарды қабылдаушының аты-жөні Қабылдаушының лауазымы Қабылдау күні мен уақыты Байланыс телефоны \алдын-ала жазылуға\ Есмағамбетов Жұман Мухамедиярұлы Ауылдық округ әкімі Әр аптаның сәрсенбісі 09:00-ден 11:00 -ге дейін 8714-39-26-2-62 «Жангелдин ауданының Албарбөгет ауылдық округі әкімінің аппараты »мемлекеттік мекемесінің мекен-жайы: Қостанай облысы,Жангелдин ауданы,Көкалат ауылы, Қ. Сейтқұл көшесі № 24 үй.


