Қызметкерлер — Жангелдин ауданы Албарбөгет ауылдық округі әкімінің аппараты

    Жангелдин ауданы Албарбөгет ауылдық округі әкімінің аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Есмағамбетов Жұман Мухамедиярович
    Әкім

    Есмағамбетов Жұман Мухамедиярович

    Жангелдин ауданы Албарбөгет ауылдық округі әкімі

    Есмағамбетов Жұман Мұхамедиярұлы – 2025 жылғы 27 тамыздан бастап Жангелді ауданы Албарбөгет ауылдық округінің әкімі.1973 жылы 23 ақпанда Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Көкалат ауылында дүниеге келген.Жоғары білімді. 2011 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын (АрМПИ) «Музыка» мамандығы бойынша бітірген.

    Басқа қызметкерлер

    2
    Койшыгулова Жадра Рахымжановна
    Қызметкерлер

    Койшыгулова Жадра Рахымжановна

    Бас маман-Есепші

    Койшыгулова Жадра Рахымжановна 1968 жылы 18 ақпанда Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ақшығанақ ауылында дүниеге келген. 1987-1989 жылдары Арқалық қаласындағы Аркалыкский учетно-экономический техникумында есепші мамандағын меңгерді. 2005 жылдан бастап Жангелдин ауданы Албарбөгет ауылдық округінің бас маман-есепші қызметін атқарады.

    Шаймағанбетов Әлішер Дарханұлы
    Қызметкерлер

    Шаймағанбетов Әлішер Дарханұлы

    Бас маман

    Шаймағанбетов Әлішер Дарханұлы 1999 жылы 1 шілдеде Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Көкалат ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қостанай Мемлекеттік Университетінің "Құқықтану" факультетінің түлегі. 2025 жылдың 13-қарашасынан бастап "Албарбөгет ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің бас маманы болып қызмет атқарады.