«Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамаларын іске асыру аясында Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Ұлттық еріктілер желісімен бірлесіп «САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ – МЫҚТЫ ЕЛ» форумын өткізді.
Іс-шараға 300-ден астам қатысушы қатысты: оқушылар, студенттер, ІІМ оқу орталығының тыңдаушылары, педагогтар мен ата-аналар.
Форумның басты мақсаты-жастардың өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, құқықтық мәдениет пен қаржылық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ белсенді және бастамашыл жастардың өскелең ұрпақ үшін лайықты үлгі бола алатынын көрсету.
«Заң және тәртіп» идеологиясының елшілері мен «Ұлттық еріктілер желісінің» өкілі вейптерді қолданудың зияны мен теріс салдары, сондай-ақ салауатты өмір салты мен заңды сақтаудың маңыздылығы туралы айтты.
Форум соңында қатысушылар онлайн-интерактивті ойын барысында алған білімдерін тексерді. Жеңімпаздар жүлделермен марапатталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







