Талдықорғанда судағы қауіпсіздік бойынша сабақтар өтті

    1 / 3

    Талдықорған қаласының орталық бассейнінде Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқушылар мен жаттықтырушылардың қатысуымен судағы қауіпсіздік бойынша оқу-практикалық сабақтар өткізді.

    Іс-шара барысында құтқарушылар судағы қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі әрекет ету тәртібін түсіндірді. Әсіресе суға батып бара жатқан адамды құтқару және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету дағдыларына ерекше назар аударылды.

    Қатысушыларға судағы апатқа ұшыраған адамдарды құтқарудың негізгі тәсілдері мен алғашқы көмек көрсету әдістері көрсетілді. Алған білімдерін оқушылар мен жаттықтырушылар тәжірибе жүзінде бекітті.

    Мұндай сабақтар қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және төтенше жағдай кезінде адам өмірін сақтап қалуға көмектесетін дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары