Құтқарушы мамандығы: қызметпен жақынырақ танысу

    1 / 5

    Бүгін Талдықорған қаласындағы №14 өрт сөндіру бөлімінің есігі №18 орта мектептің 10-сынып оқушылары үшін айқара ашылды. 15 оқушы үшін бұл кездесу құтқарушы мамандығы туралы біліп қана қоймай, оның қыр-сырын өз көздерімен көруге мүмкіндік берді.

    Экскурсия мазмұнды әрі қызықты өтті. Оқушылар өрт сөндіру техникасымен, арнайы жабдықтармен және өрт сөндіру оқпандарымен танысып, олардың өртті сөндіру кезінде қалай қолданылатынын білді. Әсіресе кинологиялық топтың қызметтік итімен кездесу оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Олар төрт аяқты көмекшілердің құтқару ісіндегі маңызды рөлі туралы мағлұмат алды.

    Экскурсия барысында Департаменттің кадр жұмысы басқармасы мен жедел-құтқару жасағының өкілдері оқушыларға Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу мүмкіндіктері, оқу шарттары және азаматтық қорғау органдарындағы қызметтің болашағы туралы айтып берді.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі және білім басқармасы басшысының орынбасары да қатысты.

    Кездесу оқушыларға құтқарушы мамандығымен жақынырақ танысып, қызмет ерекшеліктерін өз көздерімен көруге және болашақ мамандығын таңдауға ой салуға мүмкіндік берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары