Қарағанды облысында «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті

    1 / 22

    2026 жылғы 12 қарашада Қарағанды облысында «Қыс-2026» Облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуының аясында практикалық іс-шаралар өткізілді.Оқу-жаттығудың негізгі тақырыбы – азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға дайындау.

    Іс-шараның басты мақсаты – қыс мезгілінде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға ден қою кезінде басқару органдары мен азаматтық қорғау күштерінің әзірлігін тексеру, өзара іс-қимылын пысықтау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстардың тиімділігін арттыру.

    Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Руслан Кенжебеков пен облыстық ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының қысқы кезеңге дайындығын тексерді. Атап айтқанда, арнайы техниканың жай-күйі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі күштерінің әзірлігі және жедел штабтың жұмысы көрсетілді.Оқу-жаттығуға барлығы 216 адам, 63 бірлік техника және 22 бірлік өзге де құрал-жабдық жұмылдырылды.

    Практикалық іс-шаралар аясында Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның Жаңа алаңында облыстық және қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарына байқау өткізілді. Қатысушылар арнайы техниканың қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын көрсетті.Сонымен қатар, Теміртау қаласындағы «NovaNovatis LTD» ЖШС аумағында багерлік-сорғы станциясында құбырдың жарылуы және өндірістік үй-жайды су басуы сценарийі бойынша тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, зардап шеккенді эвакуациялау және төтенше жағдай салдарын жою бойынша іс-қимылдарын пысықтады.

    Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар «KAZ01 Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 148-шақырымында, Теміртау қаласындағы ақы алу пункті маңында ауа райының күрт нашарлауы салдарынан үш жеңіл автокөлік пен «Yutong» жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы орын алғанжағдайдазардап шеккендерді көлік құралдарынан құтқару, жолаушыларды эвакуациялау, жолда жиналған азаматтарды жылыту пунктіне орналастыру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын үйлестіру бойынша іс-қимылдар пысықталды.Сондай-ақ халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай ескерту сигналын жеткізу және тұрғындардың дабыл сигналы берілген кездегі іс-қимыл тәртібін пысықтау жұмыстары жүргізілді.«Қыс-2026» оқу-жаттығуы қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу, күштер мен құралдардың дайындығын арттыру және азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын жетілдіруге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары