Қарағандылық құтқарушы Еуразия кубогында жеті алтын медаль жеңіп алды

    1 / 3

    2026 жылғы 7–8 қарашада Түркістан қаласында күштік спорт түрлерінен ашық Еуразия кубогы өтті. Халықаралық жарысқа Қазақстан, Тәжікстан, Молдова, Ресей, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінің спортшылары қатысты.

    Қарағанды облысының намысын Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Виталий Ромащенко абыроймен қорғады. 110 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен құтқарушы жоғары физикалық дайындық деңгейін, күш-қуаты мен төзімділігін көрсетіп, жеті алтын медаль иеленді.

    Виталий Ромащенко жеті дисциплина бойынша жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, стритлифтинг (турникке тартылу), стритлифтинг (брусьяда қолды бүгіп-жазу), қатаң және классикалық бицепс, түрегеп тұрып штанганы сығымдап көтеру, экстремалды жатып сығымдау және көп қайталанатын (Митрофанов әдісі бойынша) тарту жаттығулары бойынша топ жарды.

    Командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Ресей, үшінші орынды Молдова құрамасы иеленді.

    Виталий Ромащенконың бұл жетістігі – тынымсыз жаттығудың, табандылық пен қайсар мінездің нәтижесі. Құтқарушылардың кәсіби қызметінде дене дайындығы ерекше маңызға ие. Себебі олар күнделікті қызмет барысында жоғары төзімділік пен шыдамдылық танытып, кез келген күрделі жағдайда жедел әрекет етуге дайын болуы тиіс.

    Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Виталий Ромащенконы жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа спорттық жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейді!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары