Жөндеуге берілген көлікті рұқсатсыз мінген павлодарлық шебер 20 тәулікке қамалды

    Ертіс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түскен. Ол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шеберге тапсырған автокөлігінің басқа адамның заңсыз пайдалануына берілгенін хабарлаған.
    Анықталғандай, шебер автокөлікті жөндеп болған соң, алкогольдік масаң күйде, көлік құралын басқару құқығы болмаса да, рөлге отырған. Алайда көлік тізгініне ие бола алмай, жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлікті аударып алған.
    Аталған дерек бойынша автокөлікті немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап әкету) фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
    Бұдан бөлек, сот шешімімен оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
    Полиция ескертеді: көлік құралын жөндеу үшін тапсыру оның иесінің келісімінсіз жеке мақсатта пайдалануға рұқсат бермейді. Өзгенің автокөлігін өз бетінше, рұқсатсыз пайдалану заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары