Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.
Кезекті рейд барысында Б. Жырау көшесінде полицейлер Toyota Harrier маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көліктің қозғалыс мәнері полиция қызметкерлерінің күдігін тудырған. Тексеру барысында жүргізушінің орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.
Полицейлердің мәліметінше, аталған азамат 2026 жылдың маусым айында да осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Соған қарамастан, ол қайтадан жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған.
– Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде. Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайталанған құқық бұзушылық – өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапсыз қараудың көрінісі. Мас күйінде көлік тізгініне отырмаңыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









