Екібастұзда полицейлер алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың жолын кесті

    Өңірде алкоголь өнімдерін сату қағидаларының сақталуын бақылау жұмыстары күшейтілді. Түнгі рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары заңда белгіленген шектеулерді елемеу фактісін анықтады.
    Атап айтқанда, сағат 00:55 шамасында полиция қызметкерлері қаладағы дүкендердің бірінде алкоголь өнімдерін сату фактісін тіркеді. Спирттік ішімдіктердің бөлшек саудасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түнгі уақытта тыйым салынғанына қарамастан, заңсыз сауда жүзеге асырылған.
    Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері кешенді тексеру жұмыстарын жүргізуде. Оның қорытындысы бойынша сауда нысанының иелеріне қатысты қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
    Екібастұз қаласының Полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Медет Бейсенов кәсіпкерлік субъектілеріне алкоголь өнімдерін сату саласындағы заң талаптарын қатаң әрі мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салды.
    «Белгіленген уақыт шектеулерін бұзудың кез келген фактісі заңнамада көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады», – деп атап өтті.
    Айта кетейік, жыл басынан бері алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 53 фактісі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылған. Сондай-ақ алкоголь өнімдерін заңнамада белгіленбеген уақытта сатудың 23 фактісінің жолы кесілген.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары