«Таза Қазақстан» — тазалық, қауіпсіздік және тәртіп әрқайсымыздан басталады!

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің №14 учаскелік полиция пунктінің учаскелік инспекторлары өздеріне бекітілген аумақты профилактикалық аралап, қараусыз қалған нысандардың жай-күйіне ерекше назар аударды.
    Аралау барысында полиция қызметкерлері тұруға жарамсыз күйдегі, қазіргі уақытта пайдаланылмайтын тұрғын үйді тексерді. Қараусыз қалған ғимарат баспанасыз адамдардың жиналатын орнына айналған.
    Үй аумағында санитарлық талаптардың сақталмауы, қоқыстың жиналуы және спирттік ішімдіктерді ішу белгілері байқалады. Бұл жағдай іргелес аумақтың санитарлық жай-күйіне кері әсерін тигізіп, жергілікті тұрғындарды алаңдатып отыр.
    – Жылжымайтын мүлік иесін анықтау мақсатында көршілес үйлердің тұрғындарымен әңгімелесіп, меншік иесі туралы және нысанның ұзақ уақыт бойы қараусыз қалу жағдайларына қатысты мәліметтерді нақтыладық, – деп хабарлады полиция майоры Нурлан Байдикенов.
    Құқық қорғау қызметкерінің айтуынша, меншік иесі анықталғаннан кейін онымен аумақты тиісті жағдайға келтіру қажеттілігі жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізу, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен апатты ғимаратты қалпына келтіру немесе бұзу мәселесін қарастыру жоспарлануда.
    – Мұндай қараусыз қалған нысандар қаланың сыртқы келбетін бұзып қана қоймай, азаматтардың қауіпсіздігіне де қатер төндіруі мүмкін, – деп атап өтті государственный орган өкілдері.
    Учаскелік инспекторлардың бұл бағыттағы жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және өздеріне бекітілген аумақта тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары