Павлодарда «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

    Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында полиция қызметкерлері «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
    Іс-шара аясында полицейлер аулаларды аралап, проблемалық тұрғын үйлерді тексереді және профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты жерлеріне барады. Қайта құқық бұзушылық жасаудың алдын алуға, тұрмыстық жанжалдардың профилактикасына және заң талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады.
    Іс-шара барысында полиция қызметкерлері проблемалық тұрғын үйлерді 4 646 рет аралады.
    Аралау кезінде полицейлер тұрғындармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, заң талаптарын түсіндіреді және құқықтық тәртіпті сақтау қажеттігін еске салады. Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты жеріндегі жағдай тексеріліп, олардың қайта құқық бұзушылық жасауына жол бермеуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
    Павлодар қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Қарабаевтың айтуынша, мұндай профилактикалық іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, проблемалық жағдайларды уақтылы анықтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
    «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
    Полиция тұрғындарды қауіпсіздік мәселелеріне бейжай қарамауға, заң талаптарын сақтауға және құқық бұзушылық фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары