Алаяқтықтың алдын алу: полиция қала көшелерінде кибералаяқтықпен қалай күресуде?

    Павлодар қаласында полиция қызметкерлері халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды профилактикалық рейдтер өткізуді жалғастыруда. Іс-шаралар барысында азаматтардың осал топтарына, атап айтқанда, егде жастағы адамдарға, сондай-ақ кибералаяқтықтың жаңа тәсілдеріне жиі тап болатын жұмыс істейтін жастарға ерекше назар аударылады.
    Пәтерлерді аралау және қоғамдық орындарда тұрғындармен кездесулер өткізу барысында полиция қызметкерлері, оның ішінде өңірлік ведомстволардың өкілдері телефон және интернет алаяқтарына тап болған жағдайда қандай әрекет ету керектігін егжей-тегжейлі түсіндіреді. Азаматтарға алаяқтарды бірден тануға көмектесетін негізгі сөздер мен тіркестер көрсетілген арнайы жадынамалар таратылады.
    Полиция подполковнигі Альмира Каскабаева полиция қызметкерлері тұрғындардың назарын жиі кездесетін алаяқтық схемаларына аударатынын атап өтті.
    - «SIM-картаның қолданылу мерзімі аяқталуда» - алаяқтар байланыс операторларының атын жамылып, телефон нөмірі бұғатталатынын айтып, азаматтарды қорқытады. Олардың мақсаты – SMS арқылы келген төрт таңбалы кодты иемденіп, банк қосымшаларындағы жеке кабинетке немесе eGov порталына қол жеткізу.
    - «Басшылықтан қоңырау шалу» - Қаскөйлер компания басшыларының, мектеп директорларының немесе жоғары оқу орындары ректорларының атынан мессенджерлерде жалған аккаунттар жасайды. Олар қызметкерлерге мемлекеттік органдардың тексерісі немесе деректердің таралып кетуі туралы хабарлап, кейіннен жалған тергеушінің қоңырауына сендіруге тырысады.
    - «Жалған инвестициялар». Алаяқтар ірі ұлттық компаниялардың немесе белгілі қаржы платформаларының атын жамылып, азаматтарға аса жоғары пайда әкелетін жобаларға ақша салуды ұсынады. Мұндай ұсыныстардың мақсаты – адамдардың сеніміне кіріп, ақшасын иемдену.
    Полиция азаматтарды барынша қырағы болуға шақырады! Бейтаныс адамдарға SMS арқылы келген кодтарды айтпаңыз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және ақша аудармас бұрын ақпараттың шынайылығын міндетті түрде тексеріңіз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары