Полиция ведомствосында қызметкерлердің кәсіби жарамдылық деңгейі тексерілді

    Полиция қызметіндегі басым бағыттардың бірі – қызметкерлердің жоғары физикалық дайындығы, сондай-ақ жауынгерлік және саптық даярлығы.

    Қызметтік міндеттерді орындауға, соның ішінде дене күшін, арнайы құралдар мен атыс қаруын қолдануға кәсіби даярлық деңгейін анықтау мақсатында Павлодар облысы Полиция департаментінде жеке құрамның бақылау тексерісі өтті.

    Қызметкерлер ептілікке, күш пен жылдамдыққа арналған жаттығуларды орындап қана қоймай, қызметтің теориялық және құқықтық аспектілері бойынша да білімдерін сынады. Емтиханның маңызды кезеңдерінің бірі –атыс даярлығы. Бұл ретте полицейлер нысанаға дәл тигізіп қана қоймай, белгіленген уақыт нормативін деорындауы тиіс.

    Тәртіп сақшылары сынақтарды сәтті тапсырып, кәсіби даярлық деңгейлерін растады.

    – Лауазымы мен арнайы атағына қарамастан, әрбір полиция қызметкері жақсы физикалық қалыпта болуы, кәсіби білімді меңгеруі және табельдік қаруды қолдана білуі керек. Қажетті білім, білік пен дағдыларды меңгеру жәнеоларды тиісті деңгейде ұдайы жетілдіріп отыру – полиция қызметінің маңызды құрамдас бөлігі, – деп атап өтті Павлодар облысы Полиция департаменті Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының бастығы Ринат Сұлтанов.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары