«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Павлодар қаласында экологиялық талаптардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.
Профилактикалық іс-шаралар барысында арнайы белгіленбеген орындарға қалдықтарды заңсыз төгудің екі фактісінің жолы кесілді.
Бірінші дерек аумаққа жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Қалдықтарды жинауға немесе көмуге арналмаған жерге қоқыс төгу фактісі тіркелді.
Екінші дерек Жедел басқару орталығының камералары арқылы анықталды. Бейнежазбада жүк көлігінің жүргізушісі қалдықтарды белгіленбеген жерге түсіріп, экологиялық талаптарды бұзғаны анықталды.
– Жиналған материалдар қарау және құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдау үшін Павлодар облысының Экология департаментіне жолданды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мақсат Сарин.
Полиция ескертеді: қоқысты белгіленбеген орындарға тастау және жинау қоршаған ортаға зиян келтіреді, аумақтарды ластайды және елді мекендердің санитариялық жағдайына кері әсер етеді.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша профилактикалық рейдтер мен іс-шаралар жалғасуда.
«Таза Қазақстан» – тазалық өзімізден басталады!
Ұқсас материалдар

«Орталыққазжерқойнауы» ӨД РММ 2026 жылы 20 қазанда Кеңес отырысында «Центргеолсъемка» ЖШС 089 бағдарламасы негізінде 2024-2026 жж. аралығында атқарылған «Павлодар облысындағы N-43-XXII; -XXIII парақтардың болжамды ресурстарын бағалай отырып 1:200 000 масштабтағы терең геологиялық картаға түсіру, ауданы 8541 ш. км» нысаны бойынша есеп қаралды.
"Орталыққазжерқойнауы" Өңіраралық ДепартаментіАшу
Қызылорда облысында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
«Жолдау аясындағы жаңғыру – ауылдың жарқын болашағы!» «Ел дамуы ауылдан басталады!»
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшоқы ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Қауіпсіз қыс – қауіпсіз өмір кепілі!
Жамбыл облысының ТЖДАшу
Түркістан облысында абаттандыру қағидаларын бұзған екі тұрғын жауапқа тартылды
Түркістан облысының Полиция департаментіАшу
"Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Мал ұрлығының алдын алу және қараусыз мал жаюға жол бермеу
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Ақсу қаласында есірткілік масаң күйде трактор басқарған жүргізуші ұсталды
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Бақылаудағы жасөспірімдер
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Павлодарда қарсы қозғалыс жолағына шығу дерегі полиция тарапынан тоқтатылды
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Ертіс өңірінің полицейлері мүгедектігі бар адамдарға арналған тұрақ орындарын заңсыз иеленуге болмайтынын ескертті
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу