БАЙҒАНИНДІК ҚҰТҚАРУШЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

    19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Байғанин ауданының №11 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Жарасбек Ангелин Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен марапатталды.

    🔹2016 жылдан бері азаматтық қорғау саласында қызмет атқарып келе жатқан Жарасбек Андирұлы 2026 жылғы 9 шілдеде Байғанин ауданында орын алған төтенше жағдай кезінде кәсіби біліктілігі мен батылдығын көрсетті.

    🔹Атап айтқанда, қатты жел салдарынан байланыс мұнарасының сауда нысанының ғимаратына құлауына байланысты жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарына кезекші қарауыл құрамында қатысты. Құтқару жұмыстары барысында әріптестерімен бірлесіп, үйінді астында қалған 6 адамды, оның ішінде 3 бала мен жүкті әйелді қауіпсіз жерге шығаруға үлес қосты.

    🔹Азаматтардың өмірін сақтап қалу жолында көрсеткен кәсібилігі, батылдығы және қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарғаны үшін жерлесіміздің еңбегі жоғары бағаланды.

    🔹Жарасбек Ангелинді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің марапатына ие болуымен құттықтаймыз! Ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы жауапты қызметіне табыс, отбасына амандық пен бақ-береке тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары