Патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол жүрісі қағидаларын бұзудың жолын кесу және құқық бұзушыларды анықтау мақсатында күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізеді.
– Кезекті рейд барысында қала орталығында полицейлер құжаттарды тексеру үшін тракторды тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің мінез-құлқы тәртіп сақшыларының күдігін тудырды. Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның есірткілік масаң күйде болғаны расталды.
Жүргізушіге қатысты материалдар рәсімделіп, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Ал көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.
- Патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық және рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді. Жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға және масаң күйде көлік құралын басқармауға шақырамыз, – деді Ақсу қаласы полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының командирі Рүстем Байғабұлов.
Полиция ескертеді: масаң күйде көлік құралын басқару жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Ақсу қаласында есірткілік масаң күйде трактор басқарған жүргізуші ұсталды
Ұқсас материалдар

Тәуелсіздікке - 35 жыл: Маңғыстауда Республика күніне орай 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Маңғыстау облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасыАшу
Жаңа ғылыми-техникалық кеңес Орталық Азияның тау-кен өндіру саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайтады
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіАшу
ЕҢБЕКШІДЕ ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ!
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Республика күні қарсаңында Үштөбе қаласында Жетісу қаласында "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында жаңартылған заманауи орталық саябақ пайдалануға берілді.
Жетісу облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
«Сөйле» айдарында кезекті жиі қолданылатын сөздердің аудармасы.
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасыАшу
"Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

«Таза Қазақстан» – тазалық өзімізден басталады!
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Мал ұрлығының алдын алу және қараусыз мал жаюға жол бермеу
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Бақылаудағы жасөспірімдер
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Павлодарда қарсы қозғалыс жолағына шығу дерегі полиция тарапынан тоқтатылды
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Ертіс өңірінің полицейлері мүгедектігі бар адамдарға арналған тұрақ орындарын заңсыз иеленуге болмайтынын ескертті
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу