1 / 2
Бүгін мәслихат аппаратының қызметкерлері арасында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін қатаң сақтау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Жиын барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің ұсынымдары талқыланып, қызметкерлерге заңда белгіленген шектеулер түсіндірілді. Атап айтқанда, ұлттық спорт түрлері (көкпар т.б.) мен бұқаралық іс-шаралар кезінде ақшалай бәс тігуге, заңсыз демеушілікке, лауазымдық жағдайды пайдалануға мүлдем жол берілмейтіндігі ескертілді.




