Белград, 2026 жылғы 22 қазан – Қазақстан Елшісі Б.Иманбаев пен Сербияда 2026 жылғы 25 қазанда өтетін кезектен тыс парламенттік сайлауды халықаралық байқаушы ретінде бақылау үшін Белградқа келген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі А.Жанабилова Сербия Республикасы Республикалық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары М.Янковичпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша пікір алмасып, екі елдің сайлау заңнамасының ерекшеліктерін, сондай-ақ, тәжірибе алмасу және Қазақстан мен Сербияның сайлау органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндіктерін талқылады.
Сербия тарапы Қазақстанда жүргізіліп жатқан елдің қоғамдық-саяси жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған ауқымды саяси және конституциялық реформалар туралы жан-жақты хабардар етілді.
Сербиядағы кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылауға ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының, ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ), Еуропалық Парламенттің делегациялары, сондай-ақ, түрлі мемлекеттердің өкілдері де қатысады.







