Белград, 2026 жылғы 3 қараша – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Болат Иманбаев Сербия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының директоры Неманья Грбичпен кездесті.
Кездесу барысында Елші Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі баяндап, оның ішінде инфрақұрылымды одан әрі дамыту, жасанды интеллектіні енгізу, білім беру және әлеуметтік салалардағы ауқымды міндеттерге тоқталды. Сонымен қатар, сыртқы саяси кадрларды даярлау және сарапшылар қауымдастықтары арасындағы байланыстарды нығайту салаларындағы қазақ-серб ынтымақтастығын дамытудың перспективалары талқыланды.
Атап айтқанда, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Сербия Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы арасында 2026 жылғы ақпанда қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум негізінде екі елдің академиялық өзара іс-қимылын нығайту жөнінде нақты ұсыныстар таныстырылды.
Өз кезегінде Н.Грбич Қазақстан мен Орталық Азия өңірінің Сербия үшін ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, екі академия арасында тұрақты сараптамалық тағылымдамалар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер мен дөңгелек үстелдер өткізу жөнінде бірқатар практикалық ұсыныстарын ортаға салды.
Әңгіме барысында жаһандық халықаралық өзгерістер жағдайында екі елдің сарапшылары, дипломаттары мен зерттеушілері арасындағы белсенді диалог пен пікір алмасу стратегиялық өзара іс-қимыл мен сенімді нығайтудың маңызды практикалық құралы екені атап өтілді. Тараптар тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








