Белградта қаланы азат етудің 82 жылдығы атап өтілді

    1 / 4

    Белград, 2026 жылғы 20 қазан – Қазақстан Елшісі Б.Иманбаев Белград қаласын неміс-фашистік басқыншылардан азат етудің 82 жылдығына арналған «Белградты азат етушілер» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

    Іс-шараға Сербия Үкіметі мен Белград қаласы әкімдігінің өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Рәсім құрметті қарауылдың сап түзеуімен және жеңімпаз елдердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының орындалуымен қатар өтті.

    Анықтама үшін:«Белградты азат етушілер» мемориалы қаланы азат ету кезінде қаза тапқан кеңестік және югославиялық жауынгерлерге арналған.

    Югославияны және оның астанасы Белградты азат етуге Қазақстанда жасақталған 73-гвардиялық дивизия қатысты. Бүгінгі таңда Югославия үшін болған шайқастарда қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен шамамен 200 қазақстандықтың есімі белгілі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары