Қазақстан мен Сербия арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері Белградта талқыланды

    1 / 3

    Белград, 2026 жылғы 10 қараша – Қазақстанның Елшісі Болат Иманбаев сербиялық Ауыл шаруашылығында ғылымды қолдану институтының басшылығы мен ұжымымен кездесу өткізді.

    Әңгіме барысында тараптар Ауыл шаруашылығында ғылымды қолдану институтының әлеуеті мен тек Сербияда ғана емес, бірқатар басқа елдерде де белсенді қолданылатын әзірлемелерін ескере отырып, оның қазақстандық ғылыми-зерттеу институттарымен әріптестігін дамыту перспективаларын талқылады.

    Серб тарапына Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту саласында қойылған міндеттер туралы ақпарат берілді, бұл ретте мал шаруашылығы мен аграрлық ғылым басым бағыттардың қатарында аталғаны, бұл өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік ашатыны атап өтілді.

    Институт директоры Раде Йованович өз кезегінде Институттың қазақстандық ғылыми-зерттеу мекемелерімен өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екенін растады, оның ішінде тұқым шаруашылығы, селекция және асыл тұқымды мал шаруашылығы салаларында тәжірибе алмасу, сондай-ақ Қазақстанның фермер шаруашылықтары үшін сербиялық консультациялық-сараптамалық қызметтің жұмысын зерделеу мәселелері қамтылды.

    Ауыл шаруашылығында ғылымды қолдану институты 1977 жылы Белградта құрылған. Бұл ғылыми зерттеулер, білімді трансферттеу және консультациялық қызметтер болып табылатын үш негізгі бағыт бойынша жұмыс істейтін көпсалалы ғылыми-зерттеу институты. Институттың өзіндік генетикалық ресурстар банкі бар, сонымен қатар мал шаруашылығында селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары