ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН ӨМІР КЕПІЛІ

    1 / 16
    Есірткіге қарсы күрес және оның алдын алу – қоғам алдындағы ортақ міндет. Әсіресе жас ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру маңызды.
    Осы бағытта Түркістан қаласында «Есірткісіз өмір – жарқын болашақ» тақырыбында жастармен ауқымды кездесу өтті.
    Жиынға қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, қалалық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Нысанбаев, қала прокурорының орынбасары Бекжан Балибеков, сондай-ақ 500-ден астам мектеп оқушысы мен колледж студенті қатысты.
    Кездесу барысында есірткіге тәуелділіктің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зияны, есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар үшін заңнамада көзделген жауапкершілік және олардың алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар тақырыпқа арналған бейнеролик көрсетіліп, жастарға профилактикалық жадынамалар таратылды.
    Мұндай кездесулердің басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, есірткінің зардабы туралы түсінігін қалыптастыру, саналы таңдау жасауға бағыт беру.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары