Ақтауда МАЭК ұжымымен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кездесу өтті

    Ақтау қалалық полиция басқармасы Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Б. Хайруллин, Криминалдық полиция бөлімі және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, МАЭК ұжымымен профилактикалық түсіндіру кездесуін өткізді.

    Кездесудің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қызметкерлер арасында заңдылық пен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру.

    Іс-шара барысында құқық бұзушылықтарға жол бермеу, алаяқтықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын қатаң орындау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар қатысушыларға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік беріліп, тиісті түсіндірмелер мен құқықтық кеңестер ұсынылды.

    Мұндай профилактикалық кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары