Ақтауда жағалауда отшашу атқан азаматқа айыппұл салынды

    Маңғыстау облысының Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қабылдады.

    Ақтау қаласының жағалауында пиротехникалық бұйымдарды пайдаланған 20 жастағы Мұнайлы ауданының тұрғыны анықталды. Ол қоғамдық орында отшашу атып, азаматтардың тыныштығын бұзған.

    Аталған дерек бойынша ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік іс қаралды. Сот қаулысымен құқық бұзушыға 60 550 теңге көлемінде айыппұл салынды.

    Маңғыстау облысының Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауға және айналадағы адамдардың тыныштығына құрметпен қарауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары