Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

    1 / 2

    Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Сара Ноғайқызының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Жиынға Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Жанат Сарсенбайқызы Сарбасова қатысты.

    Отырыс барысында «Мектепке жол» акциясының қорытындысы, жастар мен жасөспірімдер арасында лудоманияның алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу, полиция органдарында есепте тұрған отбасылармен профилактикалық жұмыстар жүргізу және оларға тәлімгерлер бекіту мәселелері қаралды.

    Күн тәртібіндегі барлығы 6 мәселе талқыланып, қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынды.

    Басты мақсат – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары