21 қарашада Ақтау қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Lexus маркалы автокөлігін басқарған жүргізушіні анықтады.
Патрульдеу барысында тоқтатылған көлік жүргізушісін медициналық куәландыру нәтижесінде оның есірткіге мас күйде болғаны расталды. Сонымен қатар оның бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Аталған деректер бойынша жүргізуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің екі бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот қаулысымен құқық бұзушыға 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті көлік құралын мас күйде басқару және көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отыру жол қозғалысы қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретінін ескертеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









