Ақмола облысында республикалық өрт қауіпсіздігі онкүндігі жалғасуда

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен өткізіліп жатқан «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» республикалық акциясы аясында Ақмола облысында «Көлігің аман болсын» атты жетінші тақырыптық күн өткізілді.

    Профилактикалық жұмыстың негізгі мақсаты – автокөліктердегі өрттердің алдын алу, жүргізушілердің өрт қауіпсіздігі талаптары туралы хабардарлығын арттыру және жолдарда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

    Тақырыптық күн аясында Ақмола облысының құтқарушылары автомобиль жолдарында 20 рейдтік іс-шара, автомобиль және теміржол вокзалдарында 20 профилактикалық іс-шара, сондай-ақ автотұрақтар мен паркингтерде 5 іс-шара ұйымдастырды.

    Түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылды. Нұсқамалармен жанармай құю станцияларының 36 қызметкері және 242 автокөлік иесі қамтылды. Сонымен қатар ұйым басшыларымен 40 кездесу өткізілді.

    Профилактикалық іс-шаралар барысында жүргізушілерге көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі тексеріп отыру, электр жабдықтары мен сымдарының жарамдылығын қадағалау, автокөлікте жарамды өрт сөндіргіштің болуы және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді.

    Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті автокөлік иелерін қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтау өрттің алдын алуға, мүлікті және ең бастысы адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары