Құтқарушылар балаларды ерте жастан қауіпсіздік ережелеріне үйретеді

    1 / 4

    Ақмола облысында «ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ОНКҮНДІГІ» республикалық өрт қауіпсіздігі онкүндігі жалғасуда.

    Онкүндіктің төртінші күні «Қауіпсіз балалық шақ» ұранымен өтті. Іс-шара аясында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өңірдегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына барды.

    Құтқарушылар еріктілермен бірлесіп, бүлдіршіндерге арналған өрт қауіпсіздігі және күнделікті өмірдегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйретуге бағытталған танымдық ойындар мен интерактивті сабақтар ұйымдастырды. Сонымен қатар балаларға естелік сыйлықтар табысталды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ балаларды ерте жастан қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына үйрету.

    Мұндай іс-шаралар балаларға маңызды ережелерді ойын түрінде меңгеруге көмектесіп, олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары