Ақмола облысында азаматтық қорғау мәселелері бойынша онлайн курстар өткізілді

    1 / 4

    Ақмола облысында ұйымдар мен оқу орындарының қызметкерлеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша онлайн форматта оқыту ұйымдастырылды.

    Оқытудың негізгі мақсаты – қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру, азаматтық қорғау саласындағы білімдерін жетілдіру, сондай-ақ ықтимал қауіп-қатерлерге жедел әрі үйлесімді әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.

    Сабақ барысында қатысушылар төтенше жағдайлардың әртүрлі түрлері туындаған кездегі негізгі іс-қимыл алгоритмдерін қарастырды. Персоналды уақтылы хабардар ету және ақпараттандыру, эвакуацияны ұйымдастыру, қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ шұғыл қызметтер келгенге дейін қызметкерлердің үйлесімді әрекет ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар тыңдаушыларға өрт туындаған, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнген кездегі іс-қимыл тәртібі түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде нұсқаулар берілді.

    Осындай оқыту іс-шараларын өткізу қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ ұйымдар мен оқу орындарының төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға дайындығын нығайтуға ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары