ШҚО-да елді мекендердің санитарлық жағдайына бақылау күшейтілді

    Өңірде санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және елді мекендерді абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау жұмыстары жалғасуда.

    Кезекті профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Тарбағатай ауданының Қарасу ауылында абаттандыру қағидаларын бұзудың екі дерегін анықтады. Бірінші жағдайда 65 жастағы жергілікті тұрғын өзі тұратын үйдің ауласынан тыс жерге тұрмыстық қалдықтарды, көң мен өсімдік қалдықтарын жинаған. Екінші жағдайда 58 жастағы тұрғыны аула аумағынан тыс жерге күл, қоқыс және шөп қалдықтарын төккен.

    Екі дерекке де құқықтық баға берілді. Азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шара қолданылып, әрқайсысына ескерту жасалды.

    Полиция тұрғындарды абаттандыру қағидаларын сақтауға, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға жинамауға және іргелес аумақтарды қоқыспен ластамауға шақырады. Мұндай әрекеттер елді мекендердің көркін бұзып қана қоймай, қоршаған ортаның санитарлық жағдайына да кері әсер етеді.

    Әрбір азамат қоршаған ортаға ұқыпты қарап, тазалық пен тәртіпті тек өз ауласында ғана емес, бүкіл елді мекен аумағында сақтауға міндетті. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    Дереккөз: ШҚО ПД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары