Вавилон ауылдық округін Дамыту жоспарының жобасын әзірлеудің басталғаны туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38-1-бабының 11-тармағына, сондай-ақ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің даму жоспарын әзірлеу және бекіту әдістемесіне сәйкес Вавилон ауылдық округін дамыту жоспарының жобасын әзірлеу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды.

    Даму жоспары – әкімнің өкілеттік мерзіміне әзірленетін орта мерзімді жоспарлау құжаты болып табылады. Аталған құжат ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін айқындайды.

    Құжатты әзірлеу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және халықтың пікірін ескеру мақсатында әкім аппараты Вавилон ауылдық округінің тұрғындарын талқылауға белсенді қатысуға және округ елді мекендерін дамытудың басым бағыттары бойынша өз ұсыныстарын жолдауға шақырады.

    Даму жоспарының жобасын әзірлеу барысында ресми статистикалық деректер, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараты, аумақты зерделеу нәтижелері, сондай-ақ тұрғындардың ұсыныстары мен бастамалары ескерілетін болады.

    Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде.

    Ұсыныстар төмендегі тәсілдер арқылы қабылданады:

    - жазбаша түрде мына мекенжай бойынша: ШҚО, Шемонаиха ауданы, Камышинка ауылы, Советская көшесі, 30;

    - электрондық түрде мына электрондық пошта мекенжайы бойынша: [email protected];

    - азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік арқылы, мына мекенжайда орналасқан: ШҚО, Шемонаиха ауданы, Камышинка ауылы, Советская көшесі, 30.

    Туған өлкеміздің дамуының басым бағыттарын қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырамыз! Сіздердің ұсыныстарыңыз бен бастамаларыңыз өзекті міндеттерді айқындауға және елді мекендеріміздің одан әрі дамуына ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары